• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Сәуір, 2025

Жарыс күнделігі: Бокс­

46 рет
көрсетілді

Бразилияда өтетін Әлем кубогінің кезеңдік сайысында бокс­тан еліміздің әйелдер құрамасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды. Бұл бәсекеде ел намысын Жазира Орақбаева (51 кг), Анита Әдішева (54 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг) қорғайды. Бразилияда өтетін Әлем кубогінің кезеңдік сайысында бокс­тан еліміздің әйелдер құрамасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды. Бұл бәсекеде ел намысын Жазира Орақбаева (51 кг), Анита Әдішева (54 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг) қорғайды.

Швейцарияның Энгадин қаласында фристайл-акробатикадан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні Аяна Жолдас, Дінмұхаммед Райымқұлов, Асан Асылхан аралас командалық сайыс­ты жетінші орынмен қорытындылады. Бас жүлде АҚШ-қа бұйырды, күміс пен қола медальді Украина мен Швейцария еншіледі. Германияның Штутгарт қаласында өткен турнирде гимнаст Зейнолла Ыдырысов асқан шеберлігімен көзге түсті. «Ат» жаттығуында 14,066 ұпай жинап, бас жүлдені олжалады. Екінші, үшінші орындарды италиялық Эдоардо Де Россо (13,966) мен жапониялық Рёсуке Доиге (13,766) иеленді. Еліміздің теннисшісі Дмитрий Попко Мексиканың Морелия қа­ла­сында өткен ATP Challenger 125 турнирінде топ жарды. Әлемдік рей­­тингте 245-орынға тұрған жерлесіміз финалда тізімде 95-сатыға жай­­ғас­қан Аустралияның өкілі Джеймс Даквортты ұтты. 1 сағат 47 ми­нут­қа со­зыл­ған сайыс 1:6, 6:2, 6:4 есебімен аяқталды. Бәсеке барысын­да Д.Поп­ко сегіз эйс жасап, алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайда­лан­ды. Футзалдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатының (U-19) іріктеу турнирінде еліміздің құрамасы Францияға есе жіберді. Португалияда өткен матч 1:3 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар қата­ры­нан Юнес Оубрик, Эюбе Мохамед Адам, Элиотт Кольски гол соқса, жер­лестеріміздің арасынан Әләзиз Камалов мергендік танытты. Пауло Рикардо Кака жаттықтыратын команда бүгін Португалиямен кездеседі, ертең Беларуське қарсы ойнайды.