• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Хоккей 27 Наурыз, 2025

«Айсұлу» алтын алды

42 рет
көрсетілді

Шайбалы хоккейден Алматының «Айсұлуы» Еуропа әйелдер лигасының (EWHL) жеңімпазы атанды.

Барлық қарсыласын қапы қалдырған қыздарымыз финалда Аустрияның Санкт-Пёльтен қаласының «Сэйбрз» клубына сан соқтырды. Қос команда арасындағы алғашқы матч 1:1 есебімен тең аяқталса, қарымта кездесуде «Айсұлудың» асығы алшысынан түсті – 2:1. Жеңіс голын овертайымда Эннализ Хейс соқты.