Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
«ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды», делінген мәлімдемеде.
Агенттік барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына сай жүргізіліп жатқанын да хабарлады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеген.
Айта кетейік, 2022 жылдан бастап 2024 жылдың қарашасына дейін футбол федерациясын Әділет Барменқұлов басқарған болатын.