• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.29
  • EUR:
    613.28
Басты сайтқа өту
Таным 04 Наурыз, 2025

Ғалам ғажаптары: Сәтсіз тұсаукесер

30 рет
көрсетілді

Кез келген өнертабыс қаншалықты керемет болса да, оны халыққа дұрыс таныстыра білу маңызды. Кейде алғашқы көрсетілімдер сәт­сіз аяқталып жатады.

1760 жылы бельгиялық Жан-Жозеф Мерлин Лондонда өткен салтанатты кеш­те өзінің жаңа өнертабысы – роликті конькиді ерекше таныстырғысы келді. Ол сәнді туфлиінің астына кішкентай металл дөңгелектер орнатып, қолына скрип­ка алып, көпшіліктің арасына жарқ етіп шықты. Жұрттың бәрі аңтарылып қара­ды. Бірақ Мерлин бұл кезде роликтер­ді тоқтату жүйесін ойлап таппаған еді. Сөйтіп, өнертапқыш зырылдап келіп, қабырғадағы қымбат айнаға соғылып, жалп етіп құлайды. Дегенмен бұл сәтсіздік роликті конькидің танымалдылығын одан сайын арттырып, халық арасында бірден сұранысқа ие болды.