• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Ақпан, 2025

Бурабайда өрттен кейін 63 жасар ер адамның мәйіті табылды

122 рет
көрсетілді

Бурабай ауданындағы Бурабай ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар бөлмелердің бірінен 63 жастағы ер адамның жансыз денесін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт шыққаны туралы хабар төтенше жағдайлар қызметіне келіп түскеннен кейін, құтқарушылар 25 минут ішінде оны оқшаулап, көп ұзамай толық сөндірген.

«Өкінішке қарай, үйдегі адамды аман алып қалу мүмкін болмады», – деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.

Қазір өртке қарсы зертхана мамандары оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Қайғылы оқиғаның мән-жайы нақтыланады.