Бүгін 112 пультіне Алматы қаласы Медеу ауданы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қонақ үйлердің бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін, түтіннің 3 қабатты қонақ үйдің жертөлесінде шыққанын анықтады. Қонақ үй қызметкерлері келушілерді үй-жайдан шығарып үлгерді. Өрт ошағын анықтау үшін барлау жүргізілді.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт толық сөндірді. Өрт болған жерде жылыту пункті ұйымдастырылды.