• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.29
  • EUR:
    613.28
Басты сайтқа өту
Таным 30 Қаңтар, 2025

Ғалам ғажаптары: Ерлеген егіздер

80 рет
көрсетілді

Орал қаласында дзюдодан жас­өпірімдер арасындағы ел чемпионаты өтті.

Шымкенттік егіз қыздар Нұрсезім Тұрлыбек пен Гүлсезім Тұрлыбек жарыс көркін қыздырды. Олар өз салмақтарында өте жақсы белдесіп, қарсылас шақ кел­тірген жоқ. Нәтижесінде, Нұрсезім 63 килода, ал Гүлсезім 70 килода топ жарып, бір үйдің қыздары бір күнде жеңіс тұғы­рынан көрінді.

 

Темір ит

Қытайлар алты аяқты робот ит жасап шығарды. Бұл да иесіне адал, қызмет қылады, айтқанын екі етпейді.

Бұның кәдімгі үй жануарынан айырмашылығы, темір ит жылдам қоз­ғалып, ауыр жүктерді көтере алады. Құлтемір мұзда тайғанамас үшін арнайы аяқ киіммен, жылу ұстап тұратын құрылғымен жабдықталған. Сол себепті 40 градус суықта да үздіксіз 4 сағат жұмыс істеуге мүмкіндігі жетеді.

 

Әуе таксиі

АҚШ-та күні кеше ұшатын қо­ғамдық көлік таныстырылды. «eVTOL» нұсқасындағы әуе көлігінің салмағы 3 тонна.

Ұшатын такси әзірге жерден бас­қарылады. Ал келешекте арнайы ма­манның бақылауында болады. Төрт жолаушыға арналған. Бір бағытқа ұшу құны 100 доллар. Компания өкілдерінің айтуына қарағанда, бұл сома кейін сұраныстың артуына қарай арзандауы мүмкін.