АҚШ-тағы Рейстрэк-Плайя атты өзен осы күні толығымен шөлге айналған. Тіпті өсімдік атаулы да жоқ деседі. Бір қызығы, мұнда 30 кило тастар өздігінен қозғалады.
ХХ ғасырдың басында ғалымдар мұның себебін ғылыми тұрғыдан магниттік тартылыс деп тұжырымдаған. Нақты зерттеулер 1940–1950 жылдары шықты. Белгілі зерттеушілер Ричард пен Джеймс Норрис бұл құбылыстың құпиясын ашуға тырысты. Олардың айтуынша, тау жыныстары мұз дәуірінде пайда болған жерасты мұзының әсерінен қозғалады.
Тылсымға толы орман
Боливияның Амазонка өзенінде жергілікті халықтан басқа ешкім аяқ баса алмайтын орман бар. Осындағы Мадиди ұлттық паркінің тылсымы терең.
Мұнда жануарлардан бастап өсімдіктерге дейін бәрі улы. Оларға қол тигізген адам не мүгедек болады, не өмірмен қоштасады. «National Geographic» журналының тілшісі Джоэль Сарторе мұнда 3 апта тұруға ғана шыдаған. Кейін дәрігерлер оған қарапайым микроорганизмдер тудыратын лейшманиоз және қара тропикалық безгек диагнозін қойды.
Моаи ескерткіштері
Чилидегі Пасха аралы адамға ұқсас алып тас мүсіндерімен әйгілі.
Аралда жалпы саны 900-ге жуық тас мүсін бар. Ресми атауы – Моаи. Бұл ескерткіштердің салмағы 3 тоннадан 12 тоннаға дейін барады. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінен аталған аралға келушілер саны өте көп. 1995 жылы Пасха аралы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енді.
Дайындаған –
Дидар АСЫЛХАН,
Қ.А.Ясауи университетінің студенті