• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Есірткі Бүгін, 12:12

ҰҚК Шығыс Қазақстанда есірткі өндіретін жасырын зертхананы жойды

20 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен, есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтиеме жасап.

Қазақстанның екі азаматы қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Тінту барысында 240 литрден аса психотроптық зат пен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.