• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Үкімет 25 Қаңтар, 2025

Сапаны арттыру міндеті

62 рет
көрсетілді

Үкіметте энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыру бойынша баспасөз конференциясы өтті. Оған Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевпен бірге бірқатар ведомство өкілдері қатысты.

Ұлттық жобаның мақсаты – елдегі коммуналдық қызмет­терді тұрақты әрі сапалы ұсынуды, жаңа қуат көздерін салуды, инженерлік желілердің тозуын 40%-ға дейін төмендетуді қамтамасыз ету. 

Бүгінгі таңда жылу, электр, сумен жабдықтау, су бұру сала­­ларын­дағы 87 монополист кәсіп­орын­ның энергетикалық және коммунал­дық инфрақұрылымы 65-тен 100%-ға дейін тозған. Коммунал­дық желі­лердің жыл сайынғы табиғи тозуы 2–3% немесе 4–5 мың км-ны құрайды.

Қолданыстағы инженерлік желі­лерді жаңғыртудан басқа, бола­шақта электр, жылу энергия­сы тап­шылығын болдырмас үшін жиынтық көлемі 7,3 ГВт бо­латын қосымша генерациялау көздерін енгізу жоспарланып отыр.

Ұлттық жобаның маңызды эле­менттері – жеке инвестицияларды тарту, инфрақұрылымды жаңғыртуға жеке компаниялар­дың қатысуын ынталандыратын тетіктерді әзірлеу, бұл мемлекеттік бюджетке қаржылық жүктемені азайтуға көмектеседі.

Ұлттық жоба шеңберінде 57 қалада 200-ден аса табиғи моно­полия субъектісі (70% мем­лекет­тік, 30% жеке) қамтылды. Әр кәсіп­орынға қаржыландырудың жеке моделі таңдалады. Нарықтық, бюд­жеттік заемдық қаржыландыру, сон­­дай-ақ халықаралық қаржы ұйым­­дарының заемы болжанады. Барлық заем ұлттық валютада болмақ.

Ұлттық жобада жеткізушілер ара­сында отандық өндіріс өнім­дерінің үлесін қамтамасыз ету міндеттемесі белгіленіп, қолдау іс-шаралары әзірленді.

711 тауар позициясын өндіретін 187 кәсіпорынның тізімі жасалды. Бүгінгі таңда елімізде қажет­тіліктің жалпы санынан 337 тауар позициясы бойынша өндірісті оқшау­лау үшін әлеует бар. Соны­мен қатар табысы төмен азаматтар­ды мемлекеттік қолдау қарасты­рылған. Әлеуметтік қорғау органдары келесідей шараларды ұсына­ды: коммуналдық қызметтерді өтеу­ге тұрғын үй көмегін көрсету, коммуналдық қызметтерді өтеуге әлеуметтік көмек көрсету, атау­лы әлеуметтік көмек көрсету.