• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Дәстүр 24 Қаңтар, 2025

Салбурын-қомырғы

210 рет
көрсетілді

Халқымыздың өмір сүру салтында салбурын (салбұрын) атты аңшылық-жауынгерлік дәстүр бар. Бұл туралы 2014 жылы жарық көрген «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі» атты көптомдықтың бесінші томында: «Салбурын – саят адам аяғы жетпейтін алыс қиырға топтанып, ұзақ уақытқа аң аулауға шығу», деген анықтама беріліпті.

Салбурын дәстүрінің тарихы терең. Ол туралы орта ғасырда өмір сүрген парсы тарихшысы Ата Малик Жувени (1226-1283) «Тарих-и джахан­гушай» («Ғаламды жаулап алу­шының тарихы») атты еңбе­гінде «Көшпелілердің салбурын құрудағы мақсаты – жауын­гер­лердің қарым-қабілетін шыңдап, мергендік мәнерін жетілдіріп, олар­ды шайқас тактикасына және шы­­дамдылыққа баулу. Бұл ісі ар­қы­лы көшпелілер жабайы дала жа­нуарларын қоршау тәсілін қол­да­нып, ортаға иіріп әкелу әдісін үй­ренеді де, оны жауға қарсы шеп жайғанда қолданады. Бұл іс жай ғана ат­қарыла салмай­ды. Ең әуелі, да­­ла­ның қоңыр аңы қан­дай жа­йылымда жатыр, қа­лай өре­ді, саны қанша екені арнайы жі­бе­рілген бақылаушылар ар­қы­­лы тексеріліп, әскери қол­бас­­шы­лар осы мәлімет бойынша жа­уынгерлік салбурынның жос­­па­рын түзеді. Бұл шара тек қыс­­тың қақаған суық айларында ат­қа­ры­латындықтан, дайындық ісі де тың­ғылықты жасалады» деп жазады.

Сол сияқты тағы басқа деректерде (Р.Мункетұлға. Салбурын – аңшы­лық қомырғы туралы көне дерек. Том ІІ. Дәптер 20, Ұланбатыр. 2013. 238-240-бб) салбурын құру шебі үшке бөлінеді, деп жазылған. Яғни барлық қаты­су­шылар орта және оң мен сол қа­натқа жіктеледі. Әр шепте аушы-жауынгерлермен бірге ас-су дайын­дауға міндетті қызметшілер қо­сыны болады. Кей жылдары сал­бурын көктемге дейін үш ай жал­ғас­қан екен. Яғни жан-жануар төл­дей­тін, аң күшіктейтін уақытқа дейін.

Жоғарыдағы Ата Малик Жуве­­нидің жазуына қарағанда, сал­бу­рынға қатысқан жауынгерлер жүз ша­қырымға дейін шеп – қанат жая­ды да, уақыт өте келе шеңберді тарылтады. Шеп ішінде қоршалған аң-құс, жан-жануарлар еріксіз қу­сы­рылады. Мұны олар «аң қомыр­ғы­лау» деп айтады. Алда-жалда шепті жарып қашып кеткен аң үшін ондық, жүзбасылары қатаң жа­за­ланады. Осылай еріксіз қо­мыр­­­ғыланып, ортаға жиналған жан-жа­нуардың саны мен сапасы анық­талып, қажетті аң ғана аула­нады. Қоңыр аңды көзсіз қыра бер­­мейді. Бұл іс қатаң тәртіппен жүр­­гізіледі. Яғни жаз айларында бо­луы мүмкін жорыққа қажет ас-та­мақ дайындалады, сонымен қа­тар жауынгерлер мен жорық жыл­қы­­ла­рының қуаты, бабы сыналады.

Осындай салбурын-қомырғы туралы Өтукен қойнауында орна­ла­с­қан Бітік Қанғай (Моңғолия, Арқанғай аймағы, Өндір-Ұлан сұ­мыны, Қануй өзені маңы) деген жердегі жартасқа бәдізделген ұй­ғыр жазуында, бұл өлкеде сал­бурын-қомырғы жүргізілгені ту­ралы, алғашқы күні 730 жануар,­ 500 дала дуадағы ауланғаны ха­қын­­­да таңбаланған екен.