• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Кеше

Президент «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады

10 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Марат Байкамуровты қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2025» турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты. Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді, - деп жазылған құттықтау мәтінінде.

Айта кетейік, Астанада Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы белгілі болды.

2024 жылғы «Қазақстан барысы» Ерасыл Қажыбаев финалдық белдесуде әскер барысы Марат Байқамұровпен белдесті.

Ақтық белдесудің екінші минутында Марат қарсыласының осал тұсын тауып, таза жеңіске қол жеткізді.