• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.29
  • EUR:
    613.28
Басты сайтқа өту
Таным 17 Қаңтар, 2025

Ғалам ғажаптары: Бедерлі алқап

55 рет
көрсетілді

Туристерді күріш алқабымен де қызықтыруға болады. Оған дәлел – Жапониядағы «Rice Paddy Art».

Бұл өнер туындысы әртүрлі түсті күріш сорттарын белгілі бір тәртіппен егіп, үлкен көлемді суреттер жасау арқылы орындалады. Биіктіктен қарағанда бедерлі бейнелер ерекше әсерге бөлейді. Ауыл шаруашылығы мен өнердің ұштасқан тұсы да – осы. Аталған дәстүр алғаш рет 1993 жылы Инакада ауылында басталып, бүгінде бүкіл елге танымал болды.

 

Ыңғайсыз дүкен

Қытайдың Хуань провинциясындағы Синьючжай Ұлттық геологиялық паркінде альпинистерге арналған ерекше дүкен бар.

Ерекшелігі сол, бұл дүңгіршек 120 метр биіктікте, тік жартастың шетінде орналасқан. Сатушы жұмыс орнына жету үшін өзі де осында өрмелеп шығуға мәжбүр. Кейде дүкенші болмаған жағдайда альпинистер QR-код арқылы төлем жасап, қалаған затын сатып алады.

 

Егіздер ауылы

Үндістанның Керала штатындағы Кодинхи ауылы әлемге «Егіздер елі» деген атаумен танымал.

Өйткені мұнда қазір 500-ден астам егіз бар. Ғалымдардың айтуынша, осынау ерекше құбылыстың себебі генетикадан бұрын, сол ауылдың табиғатына байланыс­ты. Тағы бір таңғаларлығы, дүние жүзінің басқа жерлерімен салыстырғанда бұл елді мекенде егіздер алты есе жиірек өмірге келеді екен.