• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қаңтар, 2025

Белгілі биік көксеңгір құлады

63 рет
көрсетілді

«Асқар таудың өлгені – басын мұнар шалғаны» деп Көме­­кей әулие айтқан күн – бүгін. Дәл қыс-тоғыста алыс Амери­­ка­дағы Алаштың арысы Мұхтар Мұқанұлы Мағауин өтті өмірден! Қанша ауыр хабар болса да, жаз­мыш­тың жазуына шарасызбыз…

Ұлттың төрт құбыласының бірі – әдебиет. Сол құбыланың алтын ұстыны құлап түсті.

Мағауин құлдықта өлесі халде жатқан қазақ рухын қайта оятқан тұлға еді. Бізді тірілткен қасиетті парақ жабылды. Енді Мұхтар ағам Күлтегін мәңгітасының қасынан Керулен жағалап көшкен алтын тоғанақты керуендерімен мәңгі сапарын бастады… Қош, басын мұнар шалған «Белгілі биік көксеңгір»! Қазаның арты қайырлы болсын, Қазақия!

 

Светқали Нұржан,

ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты