• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.29
  • EUR:
    613.28
Басты сайтқа өту
Таным 09 Қаңтар, 2025

Ғалам ғажаптары: Алты айлық миллионер

62 рет
көрсетілді

Ұлыбританияда 6 айлық нәресте ай сайын 45 мың доллар табыс табады. Қалай дейсіз ғой? Әрине, көрімдік жинап емес.

Сәбидің анасы Пэрис Гоф әйгілі брендтермен келісімшартқа отырған. Сөйтіп оның сүйкімді ұлы Хантер әлеуметтік желіде модель болып, миллионер атаныпты. Алайда британдық БАҚ өкілдері бұл оқиғаны құптап жатқан жоқ. Өйткені жөргектегі баланың жұмыс істегені жөн емес дейді олар. Ал Хантердің анасы барлық табысты арнайы қорға жинақтап жатқанын, бала қаржыны тек 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдаланатынын мәлімдеді.

 

Қылмыскерден қызметкер шығарады

Енді АҚШ-та сотталғандар абақтыда құр жатпай IT-маманы болуға мүмкіндік алады. Яғни түр­меге қылмыскер болып түседі, қыз­меткер болып шығады.

Әлемдегі жетекші техникалық оқу орындарының бірі – Массачусетс тех­нологиялық институты (MIT) тұт­қындарға арналған арнайы IT-оқыту бағдар­ламасын бастады. Осы жүйенің аясында сотталғандар сайт жасауды нөлден бастап үйренеді. Тіпті оқуын аяқтағаннан кейін MIT дипломына ие болады. Аталған жоба қылмыскерлерді кәсіби дағдылармен қамтамасыз етіп, болашақта қоғамға қайта бейімдеуді көздейді.

 

Нейро-әже

Осы күні алаяқтық әрекеттер телефон арқылы жиі жүзеге асады. Адамдарды сендіріп, банк де­ректерін ұрлау немесе жалған ке­лісімшартқа мәжбүрлеу сияқты тәсілдер – кибершабуылдың кейбір мысалы ғана. Бірақ «мың асқанға – бір тосқан». Ұлыбританияның мамандары осы бір күрмеуі қиын мәселені шешетін ерекше тәсіл ойлап тапты.

Бұл технология жасанды интеллект негізінде құрылған. «Нейро-әже» телефон қоңырауы кезінде алаяқтардың әккі әрекетін анықтайды. Сосын оларды аңқаусыған қалыпта алдап-арбап, нөмірлерін блоктайды. Осылайша, қол­дану­шыларды қауіптен сақтандырады.