Биыл 15 қыркүйекте санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары өздерінің кәсіби мерекелерін тұңғыш рет атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Бұдан былай 15 қыркүйек - СЭС қызметкерінің күні ретінде белгіленді.
Бүгінде республика бойынша 12 мыңнан астам маман ауыз су, тамақ өнімдерінің сапасы мен қоршағ ортаның жағдайын бақылай отырып, жұқпалы және жұұпалы емес аурулардың алдын алып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қызмет етуде.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің құттықтау сөзінде СЭС мамандарының халықтың денсаулығын қорғаудағы және биологиялық қауіпсіздікті нығайтудағы орнын атап өтті.
«Болашақ сақтық медицинасына жатады - екі ғасыр бұрын айтылған бұл сөз тіркесі әлі де өзекті. Сіздерің жұмыстарыңыздың арқасында елде қауіпті инфекциялар жойылды, эпидемияларға, соның ішінде COVID-19 пандемиясы кезінде сенімді тосқауыл қойылды. Сіздер тәулік бойы елдің санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етесіздер. Таңдалған іске батылдықпен қызмет еткендеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін», - деді министр.
Салтанатты іс-шарада қызметтің 400-ге жуық үздік қызметкерлері мен ардагерлері санитариялық-эпидемиологиялық қызметті дамытуға қосқан зор үлесі және көп жылғы адал еңбегі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Осылайша, қызмет қызметкерлеріне Премьер-министрдің атынан 80 Алғыс хатына қоса, Денсаулық сақтау министрінің 3 Құрмет грамотасы табыс етілді. Санитариялық дәрігерлер мен эпидемиологтар қажырлы еңбегі «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің атынан алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.