Ұлттық банк 9-11 мамырға арналған теңгеге шаққандағы шетел валюталарының ресми бағамдарын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Долларға қатысты теңгенің ресми бағамы 8 мамыр күні Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңындағы екі сауда сессиясының қорытындысы бойынша айқындалды. Ал қалған валюталарға қатысты теңгенің ресми бағамы 8 мамыр күні Астана уақытымен сағат 17:00-дегі қалыптасқан кросс-бағамдар негізінде есептелді.
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
1 доллар − 461,26 теңге;
1 еуро − 542,58 теңге;
1 юань − 67,82 теңге;
1 рубль − 6,18 теңге.