• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы 22 Желтоқсан, 2024

Алматыда атыс болды: полиция ақпаратты растады

121 рет
көрсетілді

Алматыда 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябақта атыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, атыс 22 желтоқсан таңғы сағат 4:34 шамасында 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябақ маңында болған.

Алматы қалалық Полиция департаменті ақпаратты растады.

– Медеу аудандық полиция басқармасы бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.