• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Саясат 12 Желтоқсан, 2024

Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

112 рет
көрсетілді

Астана қаласында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне, сондай-ақ құмар ойындарға қарсы күреске бағытталған кешенді жоспарларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдар басшы­ларының есептері тыңдалды.

Талқылаулар барысында Мемлекет­тік кеңесші Ішкі істер министрлігі мен Туризм және спорт министрлігіне кешенді жоспарларды орындауға қатысты жұмысты күшейту жөнінде тапсырма берді. Ерлан Қарин істің қарқыны мен сапасын жоғалтпау керек екеніне тоқталды. Мемлекеттік кеңесші лудоманияның алдын алуға, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізуге бағытталған барлық шараны сапалы жүзеге асыру мәселесіне тоқталды. Ол үшін бекітілген жоспарлардың орындалу барысына әділ әрі толық талдау жүргізу қажеттігін атап өтті.

Кеңес мүшелері «Қазақстан жастары» атты ұлттық баяндамада көрсе­тіл­ген жастар арасындағы қазіргі үрдіс­­терді қарастырды. Осы үрдістерді еске­ре отырып, жиынға қатысушылар өзекті тақырыптың бірі – жастарды жұмыс­пен қамту мәселесін талқыға салды.

Ерлан Қарин кездесуді қоры­тындылай келе, кеңес мүшелері тарапынан көтерілген көптеген бастаманың биыл жүзеге асқанын айтты. Сондай-ақ кеңестің алдағы уақытта жаңа баста­маларға ұйытқы болып, жастар саясаты саласындағы маңызды бағыттарды жаңғырта түсетініне сенім білдірді.

Жалпы, отырыс нәтижесінде нақты ұсыныстар әзірленіп, кеңесте айтылған мәселелерге қатысты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.