• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Желтоқсан, 2024

Шымкентте жыл басынан бері 7517 сәби дүниеге келген

116 рет
көрсетілді

Шымкентте 34 жастағы келіншек оныншы сәбиін дүниеге әкелді. Айы-күні жеткен нәресте Шымкент қалалық перинаталды орталықта дүние есігін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

1990 жылы туған Әзиза Қалиева ұлын кесарь тілігі арқылы босанды. 27 қараша күні өмірге келген нәрестенің салмағы – 4900 грамм.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір сәби мен оның анасының жағдайы жақсы.

Шымкент перинаталды орталығында жыл басынан бері 7 517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 707 нәресте және 96 егіз мерзімінен бұрын туған.