• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2024

Абай ауданында мектеп есепшісі 2,8 миллион теңге ұрлаған

114 рет
көрсетілді

Абай ауданының прокуратурасы Бородулиха ауданындағы мектептердің бірінің есепшісі 2,8 миллион теңге ұрлағанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, оның жеке кабинетінен өзіне ақша аударған.

«Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы баптың 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қылмыстық іс материалдарын экономикалық тергеу қызметіне, прокуратураға бере отырып, ҚК-нің 189-бабы «Адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып, бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру, яғни кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру», деп түсіндірді прокуратура.

Бұрынғы есепші заң бойынша жауапқа тартылды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті