• RUB:
    4.91
  • USD:
    443.03
  • EUR:
    480.38
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Мамыр, 2024

Париж Паралимпиадаcы: Ел қоржынына 12-ші жолдама түсті

85 рет
көрсетілді

Венгрияның Сегед қаласында өткен пара каноэдан лицензиялық әлем чемпионатында Жаңыл Балтабаева жолдама жеңіп алды. «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау ортылығы» РМҚК баспасөз қызметі Қазақстан спортшысының 200 м қашықтықты 1:05.83 секундта бағындырып, мәреге екінші болып жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Чемпионаттың финалы А және В топтары арасында өтті. Жаңыл Балтабаева В тобында сынға түсті. Мәреге бірінші жеткен спортшыдан 0,38 секунд қана қалып қойды. Жарыстың ережесіне сәйкес А тобының 7 спортшысы және В тобының 3 спортшысы Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алады», деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Ерсұлтан Жолшиев.

Жаңыл Балтабаева Паралимпиада ойындарына еліміздің 12-ші лицензиясын иеленді. Бұған дейін пара каноэдан Спатай Бибарыс, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден 3 жолдама, пара таеквондодан Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова, Нышан Өмірәлілер алған еді.

Еске салайық, Париж-2024 Паралимпиада ойындары 28 тамызда басталып, 8 қыркүйекке дейін өтеді.