• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Технология 02 Мамыр, 2024

Сейсмикалық сақтандыру құрылғысы

139 рет
көрсетілді

Алматыдағы сейсмикалық жағдайды ескере отырып, оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғалымдары мен студенттері мобильді жер сілкінісі симуляторын құрастырды.

Салмағы шамамен 1,5 тоннаны құрайтын құрылғы 7-9 бал­ға де­йінгі көлденең және тік бо­ла­тын жер сілкінісін симуля­ция­лайды. Университеттің Энер­ге­тика және машинатану инс­ти­туты директорының орынбасары, жоба жетекшісі Мақсат Мырзақұловтың айтуынша, Ал­маты жер сілкінісі жиі болатын­ аумаққа жататындықтан, бұл плат­форма жұртшылықты үрей­ге берілмеуге, жер сілкінісі бола қал­ған жағдайда өзін қа­лай ұстау­ға, дұрыс шешім қабыл­дауға ық­пал­ етеді.

– Мобильді тренажер универ­си­теттің студенттер мен магис­транттар жұмыс істейтін тех­никалық-конструкторлық бю­ро­сында құрыстырылды. Осы­дан­ бір жыл бұрын басталған құ­растыру жұмыстарын қалада болған бірнеше жер дүмпуінен кейін жылдам аяқтауға тура кел­ді. Университеттің қаржы­ландыруымен жасалған мо­биль­ді платформаны құрас­ты­руға 10-нан астам студент қатысты. Оқытушылардың жетек­шілі­гі­мен әзірленген мобильді плат­фор­мадағы симулятор жер сілкі­ні­сінің көлденең және тік болып ке­летін толқындарын көрсетеді. Құ­рыл­ғыны пайдалану барысын­да ең жоғары режімді 9 балға дейін жеткізуге болады, – дейді М.Мырзақұлов.

Жақында мобильді платформаны университет ғалымдары Алма­ты қаласы Төтенше жағ­дай­­лар департаментіне тегін пай­да­лануға берді. Ендігі кезекте ТЖД мамандары осы тренажер арқылы жер тербелісін сездіріп, қала тұрғындарына үрейсіз, нақты дұрыс іс-әрекеттерді жасауды үйрететін болады.

Ғалымың айтуынша, егер де мобильді платформа еліміздің қалаларында, орталықтарында қолданылатын болса, тұрғындар жер сілкінісіне мейлінше да­йын болады. Тренажер бір орта­лықтан екеншісіне жылжытып апаруға ыңғайлы. Мұн­дай құрылғылар шетелдік тәжі­рибеде де қолданылып келе­ді. Оның нарықтағы құны ша­мамен 10-15 млн теңге тұра­тын болса, университет ғалым­дары құрастырған мо­бильді платформаның өзіндік құ­ны – 2 млн теңге шамасында. Тренажерды құрастыру тобы қаланың сейсмикалық жағ­да­йына бейімделіп жасалған құ­рыл­ғыда жаттығу қала тұрғын­да­ры үшін тиімді екенін айтады.

Төтенше жағдайлар де­пар­та­ментінің дерегіне сүйенетін бол­сақ, мобильді жер сілкінісі тре­нажері апта сайын өтетін қала­лық оқу-жаттығу курстарын­да және көшпелі сабақтарда, жат­тығуларда пайдаланылатын бо­лады. Ол үшін тұрғындар ау­дан­дағы төтенше жағдайлар қыз­ме­тіне барып санаты бойынша тір­келіп, курстарға қатыса алады.