• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Сәуір, 2024

Ұлытау облысында 2 градус аяз болады - синоптиктер

113 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» мамандары 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіне әлі де оңтүстік циклон әсер етеді және атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ, жаңбыр, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады. Тек еліміздің батысы мен солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Ұлытау облысының шығысында түнде 2 градус аяз күтіледі», делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, орталықта, шығыста, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.