• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Президент 19 Сәуір, 2024

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентін Ақордада қарсы алды

64 рет
көрсетілді

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына өтті.