• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Сәуір, 2024

Күн тәртібі нақтыланды

33 рет
көрсетілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына Әкім­­шілік құқық бұзушылық ту­ра­лы кодекске енгізілген түзету­­лер­ді бірінші оқылымда қарау ұсы­ны­лады. Заң жобасында қоғам­дық жұ­мыс­тарға тарту түрінде әкім­ші­лік жаза енгізу, оны орындау те­­тіг­ін және жазаның осы түрін қол­­дану құрамын айқындау көзде­ле­ді, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзу­­шы­­лық туралы істерді жүргізу кезін­де күш­теп әкелу мәселелерін заң­на­ма­лық регламенттеу қарастырылады.

Алдағы жалпы отырыста депутаттар Мемлекеттiк наградалар туралы заң жобасына енгізілетін түзету­лерді қарайды. Құжат «Айбын» орденінің дәрежелеріне Саға­дат Нұрмағамбетов, Бауыр­жан Момышұлы және Рахымжан Қош­қар­баевтың есімдерін беруді көздейді. Заң жобасы Мемле­кет басшысының Ұлттық қ­ұ­рыл­тай­дың үшінші отырысында бер­ген тапсырмасын орындау мақсатын­да Парламент депутаттары­ның бастамасымен әзірленді.

Сонымен қатар екінші оқы­лымда депутаттар «Масс-медиа туралы» және «Ғылым және технологиялық саясат туралы» үкіметтік заң жобаларын ілеспе түзетулерімен қарайды. Сондай-ақ Салық кодексіне ғылым мәселелері жөніндегі өзгерістер енгізіледі.

Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодекске масс-медиа мәселелері бойынша өз­герістер енгізу туралы және Ре­сей­мен біртұтас энергетикалық жү­йе­­лерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар тура­лы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алады.