Батыс Қазақстан облысында қар еруіне байланысты өзендердегі су деңгейі қауіпті көрсеткішке жақындап, көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМҚ БҚО филиалының директоры ТІлеген Шапановтың айтуынша, 29 наурыз сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша Орал қаласындағы гидропостта Жайық өзеніндегі су деңгейі тәуліктік есепте 95 см-ге көтеріліп, 229 см-ге жеткен (қауіп деңгейі – 850 см).
Борлин ауданындағы Жарсуат ауылында су деңгейі 343 см-ге (+35 см, қауіп деңгейі – 1 м), Ақжайық ауданындағы Мерген ауылында 350 см-ге (+29 см, қауіп деңгейі – 850 см) жеткен. Ал Бәйтерек ауданындағы Январцево ауылында керісінше, су деңгейі 65 см-ге төмендеп, 215 см болған.
Су тасқыны: Қазақстанның бірнеше өңірінде тасжолдарды су басты
Жайықтың қосалқы өзені Шағанда су деңгейі көтеріліп келеді. Бәйтерек ауданындағы Чувашинское ауылында – 710 см (+69 см, қауіп деңгейі – 1,3 м), Мичуринское ауылында – 454 см (+110 см, қауіп деңгейі – 1,1 м). Ал Деркөл өзенінде су деңгейі төмендеген.
Еліміздегі 272 елді мекенде су тасқыны қаупі әлі де сейілген жоқ