• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 15:18

Астананың бірқатар көшесінде газ беру уақытша тоқтатылады

10 рет
көрсетілді

30 наурыз күні Астананың бірнеше көшесіндегі тұрғын үйлер уақытша газбен жабдықтаудан ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Астана Өндірістік Филиалы хабарлайды: Құлтума ақын көшесі 25/1 мекенжайында жаңадан газдандырылған нысанды Көктал-1 тұрғын алабы ауданындағы ГРПШ-8 орта қысымды газ құбырына қосу бойынша жоспарлы жұмыстың жүргізілуіне байланысты, 2026 жылғы 30 наурыз күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін халыққа газ беру уақытша тоқтатылады.Осыған байланысты, газ есептеу құралдары мен газ жабдықтарының бұзылу қаупін болдырмау үшін, үйлердің сыртында, газ құбырының кіреберісінде орналасқан авариялық газ крандарын жабуды сұраймыз», делінген хабарламада. 

Жұмыс аяқталғаннан кейін абоненттерге газ берудің қайта қосылғаны туралы хабарлама жіберіледі.

Жұмыстар толық аяқталғанға дейін сыртқы газ крандарын өз бетінше ашуға қатаң тыйым салынады, себебі бұл газ есептеу құралдары мен газ жабдықтарының істен шығуына әкелуі мүмкін.

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Айта кетейік, аталған жұмыс мына көшелердегі үйлерге әсер етеді: Басықара батыр, Нұрбесік, Бақтыбай ақын, Құлтума ақын, Танжарық Жолдыұлы, Базарлық, Ақтолқын, Бастаңғы, пер Сұлама, пер Ізенді, Болашақ.

 Астаналық полицейлер бейнекамера арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады  
Соңғы жаңалықтар