Бүгін Қазақстан бойынша «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. 2026 жылы бастаманың негізгі тақырыбы елімізде экотуризмді дамытуға арналды, деп жазады Egemen.kz.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде ғимараттардың жарықтары бір сағатқа сөндірілді.
Айта кетейік, «Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) бастамасымен өтетін жыл сайынғы халықаралық акция. Шара аясында ұйым әлем тұрғындарын жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады. Сонымен қатар әлемдегі танымал ғимараттар мен ескерткіштердің жарығы да сөндіріледі.
Қазақстан бұл акцияға 17-ші рет қосылып отыр. Биыл ел бойынша 500-ден астам нысан, оның ішінде Ақорда резиденциясы, «Бәйтерек» монументі, Тәуелсіздік сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті, спорт және білім беру нысандары, өндірістік мекемелер шараға қатысты.
«Жер сағаты» – әлемдегі ең ауқымды экологиялық науқан. Оған 180 елдің 7000-нан астам қаласынан 2 миллиардтан астам адам қатысады. 2026 жылы акция 19-шы рет ұйымдастырылды.
Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді
Акцияның негізгі мақсаты – табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.