• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 13:48

Түркістанда айыппұлға ашуланған ер адамдар бейнекамераларды сындырған

10 рет
көрсетілді

Түркістанда бейнебақылау камераларын әдейі бүлдірген екі күдікті анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қылмыс бейнебақылау жүйелерінің көмегімен ашылды. Оқиға қала көшелерінің бірінде тіркелген. Белгісіз тұлғалар 4 камераны қасақана сындырған. Салдарынан 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілді.Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, тергеу барысында оқиғаның түнгі сағат 01:00 шамасында болғаны анықталды. Беттерін маскамен жасырған екі жігіт ұзын ағашпен камераларды істен шығарған.

Полицейлер қылмысты ашу кезінде жақын маңдағы бейнебақылау жүйелерінің жазбаларын мұқият зерделеді. Нәтижесінде күдіктілердің қозғалыс бағыты анықталып, жедел-іздестіру шаралары арқылы қолға түсті.

Ақмола облысында жалған құжат жасамақ болған күдікті ұсталды

Аталған дерек бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Алдын ала мәліметке сәйкес, күдіктілер жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлға ашуланып, осы әрекетке барғандарын мойындаған. Полиция азаматтарды қоғамдық мүлікке ұқыппен қарап, заң талаптарын сақтауға шақырады», делінген полиция хабарламасында. 

Шалқардағы жаппай төбелес: Жасөспірімнің өліміне қатысты үш күдікті ұсталды

Соңғы жаңалықтар