• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Сәуір, 2024

Наталья Годунова жаңа қызметке тағайындалды

567 рет
көрсетілді

Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палата басшысы қызметінен кеткеннен кейін жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Наталья Годунова «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұлттық компаниясының тәуелсіз директоры болды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жалғыз акционерінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі шешімі бойынша, Наталья Николаевна Годунова «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып сайланды, делінген ұлттық компания хабарламасында.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, компанияның директорлар кеңесі енді 9 адамнан тұратыны айтылды.