• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Сәуір, 2024

Түркияда Қазақстанның екі азаматы ұсталды

80 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесіп, іздеуде жүрген екі Қазақстанның азаматын ұстады. Олар 2024 жылдың 3 сәуірінде Ыстанбұл қаласынан Алматы қаласына жіберілді.

«Ұсталғандар аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасымен айналысқан деген күдікке ілінді. Сондай-ақ олар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық еткен. Айыпталушылар тергеу изоляторында отыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды», делінген ҰҚК хабарламасында.