• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 15 Наурыз, 2024

Каллуммен күш сынасады

34 рет
көрсетілді

Ертең АҚШ-тың Нью-Йорк қала­сында кәсіпқой бокстан ірі турнир өтеді. Сол кеште Дәурен Елеу­сінов ирландиялық Каллум Уолш­пен күш сынасады.

23 жастағы Каллум 2021 жылдың со­ңында кәсіпқой рингтегі тұсаукесер кез­десуін өткізді. Сол аралықта тоғыз рет ринг­ке шығып, барлығында жеңіске жетті. Жеті бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Былтыр ғана төрт жекпе-жек өткізген Уолш америкалық Уэсли Такер, Карсон Джонс, Исмаэль Вильярреал және аргентиналық Хуан Хосе Веласоны ұтты. Атақты бапкер Фредди Роучтің қол астында жаттығатын Ирландияның боксшысы қазіргі кезде бірінші орта салмақтағы WBC USA Silver нұсқасының чемпиондық атағын иеленген.

Ал Олимпиада мен әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы Данияр Елеусіновтің туған ағасы Дәуреннің де әуесқойлар арасында қол жеткізген табысы бір төбе. Кәсіпқой рингте 15 мәрте ай­қасқан ол 11 рет басымдық танытып, 10 қар­сыласын нокаутқа жіберді. Үш рет ұты­лып, тағы бір бәсекеде тең есеп тіркелді. Уолш пен Елеусінов арасындағы жекпе-жекте WBC Continental Americas нұсқасының алтын белбеуі сарапқа салынады.