• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Наурыз, 2024

Қостанайда балаға қол көтерген балабақша тәрбиешісі жұмыстан шығарылды

72 рет
көрсетілді

Қостанайдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші кішкентай бүлдіршінге қол көтерген. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті. Бұл фактіні Қостанай облыстық білім басқармасы растады, деп хабарлайды Egemen.kz «Азаттық рухы» сайтына сілтеме жасап.

Видеоның астындағы жазбада оқиғаның бөбекжайда болғаны жазылған.

Ал білім басқармасының хабарлауынша, тәрбиеші жұмыстан босатылған.

«Өкінішке қарай, осындай оқиға болды. Ал тәрбиеші жұмыстан босатылды. Бұдан әрі істі құқық қорғау саласының өкілдері қарайды», деп мәлімдеді өңірлік білім басқармасының өкілдері.