• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.9
  • EUR:
    475.95
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Ақпан, 2024

Алина Ажғалиева – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

110 рет
көрсетілді

Польшаның Гданьск қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. 1500 метр қашықтық бойынша 25 елден 48 спортшы сынға түскен сайыста Қазақстан спортшысы мәре сызығын екінші болып кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүбірлі додада Алина Ажғалиева 1500 метр қашықтықтың финалына шығып, күміс жүлде жеңіп алды.

Айта кетсек, бұл Қазақстанның бұрымды шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында еншілеген тұңғыш жүлдесі.