• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.9
  • EUR:
    475.95
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Ақпан, 2024

Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 17 адам құтқарылды

117 рет
көрсетілді

Алматы қаласының өрт сөндіруші қызметкерлері өртеніп жатқан көпқабатты үйден 17 адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19-нан 20 ақпанға қараған түні мегаполистің Бостандық ауданындағы Өтепова көшесіндегі 13 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер 17 азаматты эвакуациялады. Өрт шамамен бір сағатта сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында 35 адам, 11 техника жұмылдырылып, қалалық төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеді.