• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Ақпан, 2024

Педофилдер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады

360 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжіліс халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Заң негізінде  кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа итермелеген, осындай әрекеті  үшін сотталған шетелдіктердің Қазақстанға кіруіне және ел азаматтығын алуға шектеу қою ұсынылды.Сонымен қатар құжатта экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады.

Айта кетейік, халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заң жобасы бірінші оқылымда 2022 жылдың сәуірінде мақұлданған болатын.