• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ауа райы 02 Ақпан, 2024

Елімізде күн жылынады

6440 рет
көрсетілді

Синоптиктер алдағы үш күнге, 3-5 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Болжам бойынша, демалыс күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдайды Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклон анықтайды.

«Елдің басым бөлігінде қарлы боранмен, екпінді жел және көктайғақ, әр түрлі фазаларда бұлттылық пен ошақты жауын-шашын болады. Атлантикалық циклон да республиканың барлық дерлік аумағында температураның біртіндеп көтерілуіне себеп болады», деп хабарлады Қазгидромет. 

Синоптиктердің айтуынша, республиканың оңтүстік облыстарында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.