• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Ақпан, 2024

Ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

209 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК болжамына қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сондай-ақ тұман түсіп, жел күшейеді, бұрқасын күтіледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Сонымен қатар мамандардың айтуынша, 2024 жылдың 1 ақпанында Петропавл және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай әсерінен ауа сапасы нашарлайды.