• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ауа райы 26 Қаңтар, 2024

Бүгін еліміздің солтүстік облысында қалың қар жауады

249 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 26 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Республика бойынша қар аралас жаңбыр жауады, тау және тау бөктеріндегі аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), республиканың солтүстігінде қалың қар жауады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ, жел күшейіп, бұрқасын күтіледі.

Сонымен қатар еліміздің үш қаласында Ақтөбе, Өскемен, Риддерде ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.