• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Сенат 23 Қаңтар, 2024

Сенатта заңсыз көші-қон туралы заң қаралды

112 рет
көрсетілді

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Эстонияның құзыретті органдары арасындағы заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласындағы тиімді ынтымақтастық үшін құқықтық негіз қалыптастыру заңның мақсаты болып табылады. Тараптар сондай-ақ мемлекеттердің аумағында келу, болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдардың жеке басын анықтаудың және қайтаруды ұйымдастырудың тиімді рәсімдерін белгілеуді, сондай-ақ осындай адамдардың транзитін оңайлатуды көздеп отыр.

Келісімді ратификациялау уағдаласушы тараптардың құзыретті органдарының заңсыз көші-қонның алдын алу және уағдаласушы мемлекеттердің аумақтарында болуға негізі бар адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу саласындағы өзара іс-қимылы үшін құқықтық жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.