• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Қаңтар, 2024

Сегіз және одан да көп баласы бар отбасыға қанша жәрдемақы төленеді?

389 рет
көрсетілді

Мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері:

4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге; 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге; 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге; 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге; 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

Айта кетейік, 2023 жылы көпбалалы отбасылар 413 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды.