• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Ауа райы 17 Қаңтар, 2024

Ертең аяздың беті қайта бастайды - синоптиктер

2062 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК ұсынған болжамға сәйкес, ертең елдегі аяздың беті қайта бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандар атап өткендей, 18-20 қаңтарда аяз әлсіреп, күн жылына бвстайды. Сондай-ақ қар жауады деп болжанып отыр. Бірақ елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн құбылмалы болады.

«Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсері төмендеп, күн жыли бастайды, қар жауады. Десе де елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн құбылмалы болады, көбіне қар жауады, көктайғақ болып, боран соғып, жел күшейеді», делінген хабарламада.

Бұдан бөлек синоптиктер түнде және таңертең ел аумағында тұман болатынын ескертті.