• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ауа райы 12 Қаңтар, 2024

Ақпан айында ауа райы қандай болады?

23405 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ақпан айында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Алдын ала болжам бойынша, ақпан айында республика бойынша ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Бірақ кей күндері қаңтар айындағыдай түнде -20, -28 градусқа дейін, күндіз -10, -15 градусқа дейін аяз болады», дейді ұзақ мерзімді ауа райын болжау бөлімінің басшысы Жұлдыз Исабекова. 

Сонымен қатар келесі айдың кейбір күндерінде оңтүстік циклондардың пайда болуына байланысы ауа температурасы оңтүстік облыстарда +5, +15 градусқа дейін көтеріледі.