• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Желтоқсан, 2023

Ел азаматтары қаңтар айында қанша күн демалады?

152 рет
көрсетілді

2024 жылдың қаңтар айында Қазақстан азаматтары жалпы 10 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Демек, аптасына 5 күн жұмыс істейтін азаматтар 4 күн қатарынан демалады.

Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 30 желтоқсанда да қызметтерін атқарады. 

Одан әрі – 3, 4 және 5 қаңтар – жұмыс күні.

Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6, 7 қаңтарда әдеттегідей демалады.