• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.92
  • EUR:
    475.36
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 20 Желтоқсан, 2023

Шавқат – үшінші орында

144 рет
көрсетілді

Аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен турнирде жергілікті спортшы Стив Томпсонды ұтқаннан кейін Шавқат Рахмонов UFC-дегі рейтингін жақсартты.

29 жастағы қандасымыз аталған жарыс­қа дейін жартылай орта салмақтағы фай­тер­лердің рейтингінде бесінші орында тұрған. Ал кейінгі жарқын жеңісінен кейін Рахмонов екі сатыға жоғарлап, қазіргі кезде үшінші орынды еншілеуде. Оның алдында – тек 36 жастағы Камару Усман мен 35 жастағы Белал Мұхаммад. Олар АҚШ-тың туы астында өнер көрсеткенімен, екеуінің де шыққан тегі мүлдем басқа. Атап айтсақ, Усман Нигерия­ның Аучи қаласында туып өсті, ал Белалдың ата-аналары – Палестинаның тумалары.

Әзірге бұл салмақтың чемпиондық атағы Леон Эдварсқа тиесілі. Ямайкада дүниеге келген 32 жастағы «Рокки» бүгінгі таңда Ұлыбританияда тұрып жатыр және де сол елдің намысын қорғауда.