• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Мәдениет 11 Желтоқсан, 2023

Астанадағы екі мәдени мекемеге «академиялық» мәртебе берілді

146 рет
көрсетілді

Үкімет Қаулысымен Астанадағы екі мәдени мекемеге «академиялық» мәртебе берілді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» және «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Академиялық» мәртебе берілді», деп жазылған министрдің мәліметінде.