• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Теннис 10 Желтоқсан, 2023

Дмитрий Попко Түркиядағы турнирдің финалына шықты

92 рет
көрсетілді

Қазақстан спортшысы Дмитрий Попко Анталия (Түркия) ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүниежүзілік рейтингіде 504-орында тұрған Д.Попко жартылай финалда әлемнің 404-ракеткасы, ұлыбританиялық Джей Кларкпен шеберлік байқасты.

Қазақстан спортшысы қарсыласын 6:4, 6:1 есебімен қапы қалдырды. Осылайша, Дмитрий Попко финалға жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Григорий Ломакиннің Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.