• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Желтоқсан, 2023

Жүзуден Қазақстан кубогі: Алғашқы күні үш рекорд жаңарды

110 рет
көрсетілді

Желтоқсанның 4-8 күндері аралығында Талдықорған қаласында жүзуден Қазақстан кубогі өтіп жатыр. Оған еліміздің барлық өңірінің спортшылары және Ұлттық құрама мүшелері қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы жарыс күні үш рекорд жаңарды. Нақты атағанда, Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты (26.63). Әділбек Мусин де аталған қашықтықта ел рекордына түзету енгізді (22.89). Ксения Игнатова 200 метрге еркін әдіспен жүзуде 1.58.78 көрсеткішімен Қазақстан рекордын жаңартты.