• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Президент 01 Желтоқсан, 2023

2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өтеді

132 рет
көрсетілді

БҰҰ аясында 2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өтеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Орталық Азиядағы климатты қорғау жөніндегі іс-қимылдарға тың серпін беру мақсатында біз БҰҰ аясында 2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өткізуге шешім қабылдадық. Климат жөніндегі төтенше жағдай – жаһандық дағдарыс. Оған бүкіл әлем болып төтеп беру қажет. Бәріміз Жер шарын сақтауға және баршаға ортақ орнықты даму мақсаттарын қамтамасыз етуге жауаптымыз. Қазақстан ұжымдық іс-әрекет пен ынтымақтастықтың арқасында ғана климаттық дағдарыс проблемасын шеше алатынымызға кәміл сенеді», деді Қ.Тоқаев.